Бейвербалды амалдардың әлеуметтік желі тіліндегі ерекшеліктері


Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 72

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-117-130

Кілт сөздер:

бейвербалды амалдар, әлеуметтік желі тілі, әлеуметтік желі

Аңдатпа

Бұл мақалада әлеуметтік желідегі коммуникацияның маңызды аспектісі болып табылатын эмотикондар қарастырылады. Мақалада ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, эмотикондардың анықтамасы берілген. Эмотикондар желі қолданушыларының (нетизендердің) сөйлесу мақсатын ашуға және түсінуге көмектеседі. Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің күнделікті өмірімізге тез енуі интернет-коммуникация тіліндегі вербалды емес тәсілдердің санын көбейтіп, оларды графикалық және мазмұндық тұрғыдан түрлендірді. Эмотикондардың, визуалды және креоль белгілерінің, стикерлердің, демотиваторлардың, интернет-мемдердің, комикс сияқты кейіпкерлердің пайда болуы интернеттің вербалды емес қатынасқа көшуін көрсетеді. Сонымен қатар, интернет-коммуникациядағы бейвербалдылықтың күшеюі эмотикондар мен графикалық элементтердің таңбалау құралына айналуымен сипатталады. Эмотикондар, стикерлер, демотиваторлар мен басқа да визуалды құралдар желідегі пікір білдірудің, эмоция мен көңіл-күй жеткізудің маңызды тетіктеріне айналды. Мақаланың ғылыми жаңалығы – интернеттегі қарым-қатынас барысында эмоция мен экспрессияны жеткізудің негізгі тәсілі ретінде бейвербалды ақпараттың қазақ тілді кеңістікте алғаш рет жан-жақты қарастырылуында. Зерттеу барысында қазақ тілді ресурстарда эмотикондар (смайликтер), демотиваторлар және кеңес сипатындағы бейвербалды элементтердің қолданысы сараланып, олардың қызметі мен құрылымдық ерекшеліктері талданады. Сонымен бірге, эмотикондар бейнелейтін нысанға қарай бес топқа бөлініп қарастырылады: нақты эмоцияны білдіретін эмотикондар, адамдар, табиғат, тағамдар, заттар мен символдар. Әр топтың көрініс формалары мен тілдік деңгейге әсері нақты мысалдар арқылы көрсетіледі. Аталған ерекшеліктердің әрқайсысының көріну жолдары, тілдік деңгейлерге әсері сөз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Курманбекова, З. ., Макулова , Л. ., & Сарсембаева, М. . (2025). Бейвербалды амалдардың әлеуметтік желі тіліндегі ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 153(4), 117–130. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-117-130