Жұбан Молдағалиев поэзиясындағы ұлттық құндылықтар
Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 93
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-241-250Кілт сөздер:
ұлттық құндылықтар, поэзия, дәстүр, тарихи сана, батырлық бейне, көркемдік тәсілдер, ұлттық мінезАңдатпа
Ғылыми мақалада қазақ поэзиясының көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтің 1960-1990 жылдар аралығындағы шығармалары зерттеу нысаннына алынып, ондағы ұлттық құндылықтар арнайы қарастырылады. Ақынның сол кезеңдегі шығармалары арқылы қазақ руханиятына қосқан үлесі сөз болады. Халқымызға тән мінез, бітім - болмыстар, яғни ұлттық құндылықтар негізі көріктеу құралдар мен бейнелі сөздер аясында ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерделенеді. Ақын поэзиясы саяси-әлеуметтік лирика, философиялық лирика, азаматтық лирика, табиғат және махаббат лирикасы сынды тақырыптық - жанрлық түрлерге бөлінетіндігі сөз етіліп, кейде тіпті бірнешеуі өзара тоғыса келіп, бір туындының аясында көрініс табуы мысалдар негізінде дәлелденеді. 1960 - 1990 жылдар аралығындағы ақын поэзиясы бұрынғысына қарағанда сөз саптау үлгісі мен тілдің айшықты ажары жағынан байи түскені, ойы салмақтанып, ұлттық құндылықтарға қатысты философиялық пайымы тереңдеп, өзінің дара қолтаңбасын, стильдік ізденістерін барынша таныта түскендігі де айқындалады. Жұбан Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларындағы отансүйгіштік, туған ел мен жерге деген құрмет, ата-баба ғұрпын, сат-дәстүрін дәріптеу, туыстық қарым-қатынас пен бауырмалдылық, адал достық, қонақжайлылық, ата-анаға, әйел затына, қарындасқа, үлкен-кішіге деген ізет, яғни діни тұрғыдағы мұсылмандық имандылық қасиеттер, ана тілінің құдіреті, діл ұғымына саятын ұлттық құндылықтар көрініс тапқан. Мақала барысында ақынның азаматтық тұлғасы, өзіндік «Мені», лирикалық кейіпкер ретіндегі бітім-болмысы айқындалып, қазақ поэзиясындағы тұғырлы орны тың сипатта, жаңа көзқараста зерделенеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




