ЖОО-да жаңа медиа ресурстары арқылы қазақ әдебиетін оқытудың тиімділігі
Қаралымдар: 103 / PDF жүктеулері: 61
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-333-344Кілт сөздер:
медиа ресурстар, қазақ әдебиеті, жоғары оқу орны, білім алушы, платформа, цифрлық технология, электронды кітаптарАңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында жаңа медиа ресурстарын пайдалану арқылы қазақ әдебиетін оқытудың тиімділігі қарастырылады. Жаңа медиа элементтері (визуализация, аудио-бейне материалдар, әлеуметтік платформалар) дәстүрлі әдебиет пен заманауи оқыту әдістерін үйлестіре отырып, әдебиетті оқытуда жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Білім алушылардың әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыруда мол септігін тигізеді. Зерттеудің мақсаты – заманауи технологиялардың әдеби білім беру үдерісіне қосқан үлесін анықтап, олардың артықшылықтары мен шектеулерін талдау. Қазақ әдебиеті сабақтарында электрондық кітаптар, аудио және видеоконтент, әлеуметтік желі парақшалары мен платформаларды білім алушыларға қолжетімді әрі қызықты түрде ұсыну тиімді әдіс екені дәлелденді. Бірнеше әлеуметтік желі парақшалары мен әдеби платформаларға және желіде белсенді ақын-жазушыларға талдау жасалды. Олардың шығармашылығының халық арасында таралуы және оқырмандармен байланыс орнатудағы тиімді әрекеттері сарапқа салынды. Әдеби платформалардың негізгі мақсаты мен олардың атқарып жатқан жұмыстары жайында ақпарат берілді. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде оқырмандарға қызықты болған проза-поэзия парақшалары талданды. Зерттеуде теориялық талдау, эмперикалық талдау және контент-талдау әдістері қолданылды. Эмперикалық талдаудың ішінде сауалнама әдісінің көмегімен бастапқы деректер жиналды. Сауалнама қорытындысына сараптама жасалды. Нәтижесінде, жаңа медианың білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды заманауи форматта сақтауға ықпал ететіні анықталды. Сонымен қатар, техникалық және әдістемелік қиындықтар талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Зерттеу жаңа медианың қазақ әдебиетін оқыту үдерісіндегі маңызды рөлін айқындай отырып, білім беру мен ұлттық әдебиетті жаңғырту болашағын көрсетеді.