Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдеріндегі «уақыт» ұғымы
Қаралымдар: 398 / PDF жүктеулері: 230
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-37-48Кілт сөздер:
лингвомәдениет, уақыт, философия, дүниетаным, мақал-мәтелдер, халық даналығы, мәдениетАңдатпа
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдеріндегі «уақыт» ұғымы екі түрлі тіл мен мәдениеттегі уақытты қабылдаудың мәдени және философиялық аспектілері жөнінде қызықты зерттеу жұмысын ұсынады. Уақыт – әмбебап тұжырымдама, алайда оның интерпретациясы мәдени контекстке орай айтарлықтай өзгеріп отыруы мүмкін. Мақал-мәтелдер халық даналығының көрінісі ретінде түрлі ұлттардың уақытты қалай қабылдайтынын және бағалайтынын түсінудің маңызды құралы болып табылады. Бұл мақалада уақыт ұғымы екі мәдениеттің мақал-мәтелдерінде қалай көрініс тапқаны зерттеліп, олардың танымында уақытты қабылдаудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі уақыт туралы мақал-мәтелдерді салыстырмалы талдау уақыт ұғымын түсіну тәсілдемелеріндегі айырмашылықтарды ғана емес, оның маңыздылығы мен қайтымсыздығын түсіну секілді жалпы белгілерді де анықтауға мүмкіндік берді. Ағылшын лингвомәдениетінде уақыт көбінесе тиімділікке, жетістікке қол жеткізу жолындағы басты фактор ретінде көрінсе, қазақ халқы уақытқа философиялық мән жүктейді. Екі халықтың дүниетанымындағы осындай көзқарастар мен ұстанымдарды анықтау барысында салыстырмалы зерттеу әдісі басшылыққа алынды. Нәтижесінде, бұл зерттеу мәдени айырмашылықтар мен ұқсастықтарды тереңірек түсінуге ықпал етеді, сонымен қатар, тілдің мәдени құндылықтарды таныту құралы ретіндегі рөлін айқындайды. Зерттеу жұмысы мәдени антропология мен лингвистика саласындда әрі қарай зерттеулер жүргізуге негіз бола алады, тіл, мәдениет және белгілі бір ұлт дүниетанымының байланысын түсінуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




