Абайдың “Ғақлия кітабының” бірінші сөзін тәржімелеу және талдау
Қаралымдар: 417 / PDF жүктеулері: 123
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-287-304Кілт сөздер:
Абай, Ғақлия кітабы, Тұғрұл қолжазбасы, Мүрсейіт қолжазбасы, орыс тіліне аудармаАңдатпа
Бұл мақалада тұңғыш рет Абай Құнанбайұлының “Ғақлия кітабы” деп аталатын даналық сөздер жинағының алғашқы сөзі төте жазумен жазылған Тұғрыл қолжазбасынан кирилл қарпіне дәл әрі толық транскрипцияланып ұсынылып отыр. Жүргізілген зерттеу барысында Тұғрұл мен Мүрсейт қолжазбаларының мәтіндері салыстырылып, олардың арасында елеулі лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және мағыналық айырмашылықтар бар екені анықталды. Түпнұсқа мәтін негізінде Абай сөзінің орыс тіліне жаңаша аудармасы ұсынылып, бұрын жарық көрген нұсқалармен салыстырмалы талдау жасалды. Атап айтқанда, Виктор Шкловскийдің “Назидания” аудармасы, Клара Серікбаева мен Роллан Сейсенбаевтың бірлескен “Книга слов” нұсқасы, Сатимжан Санбаевтың “Слова назидания” аудармасы және Ербол Жұмагұловтың “Назидания” нұсқасы зерттеу нысанына айналды. Ғылыми айналымға алғаш рет бұған дейін қате оқылып немесе бұрмаланған Абай мәтініндегі бірқатар сөз тіркестері енгізілді. Мәселен, кең таралған “ынтымақтаса алмаса” тіркесі шын мәнінде “инанмаққа салмаса” екені дәлелденді. Сонымен қатар, түпнұсқа дерекке сүйене отырып, «ұугалоунай» (уголовный), “дазданиа” (дознание), “соот” (суд), “абразауаниа” (образование), “уйэзный нәшәлнік” (уездный начальник), “губернатордың назнашениэсі” (назначение губернатора), “кандидатымэн” (кандидат), “ыстаршын” (старшина), “зірэбэмэнен” (жребий) сынды кірме сөздердің қазақ тілінің үндестік заңына сай бейімделіп қолданылғаны анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




