Ағылшын тіліндегі фитокомпонентті фразеологизмдердің аудармадағы сипаты
Қаралымдар: 277 / PDF жүктеулері: 129
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-318-332Кілт сөздер:
фразеологизм, идиома, фитокомпонент, салғастыру, аударма, балама.Аңдатпа
Халықтың мәдениеті, тарихы және күнделікті тұрмыс-тіршілігі негізінде қалыптасқан фитокомпонентті тұрақты тіркестер қай тілдің болмасын фразеологиялық жүйесінде ерекше орынға ие. Мақалада қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің атауына, жіктеліміне қатысты ғалымдардың пайымдаулары қарастырылып, ағылшын тіліндегі фитокомпонентті фразеологизмдердің аудармада берілуі талданды. Астарлы мәнге ие бейнелі тұрақты тіркестердің аудармада берілуі күрделі мәселелердің бірі екендігі белгілі. Себебі, фразеологизмдердің құрамындағы фитонимдер бір тілде символдық мәнге ие болса, басқа тілде дәл сондай қолданыста болмауы әбден мүмкін. Мұндай ерекшеліктер фразеологиялық бірліктерді аударуда аударма тәсілдердің сөзбе-сөз немесе бейімдеу тәсілін қолдануды қажет етеді. Зерттеу барысында ағылшын тіліндегі фитокомпонентті фразеологизмдердің орыс және қазақ тіліндегі аудармалары салғастырылып, аударма сәйкестігі сарапталды және өзіндік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кейбір тұрақты тіркестердің мағыналық құрылымы мен мәдени астарлары ескеріліп, ұлттық болмысты жеткізу жолдары қарастырылды. Фразеологизмдерді, соның ішінде фитонимдік бірліктері бар фразеологизмдерді аудару барысында лексикалық, семантикалық және мәдени сәйкестік мәселелеріне назар аудару маңызды екендігі атап өтілді. Зерттеу нәтижелері тілдер арасындағы мәдени байланыстар мен ерекшеліктерді түсінуге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




