Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың лингвистикалық және психофизиологиялық өлшемдері


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

тілдік қарым-қатынас, құндылықтар жүйесі, ұлттық ұстаным, ұлттық образ, отбасылық тәрбие, психофизиологиялық факторлар, эмоционалды интеллект

Аңдатпа

Интернет желілеріндегі балалар мен жасөспірімдерге қатысты орын алып отырған жағымсыз оқиғалар легі қоғамды алаңдатып отырғаны анық. Мақалада «Балалардың мінез-құлқы неге өзгерді?», «Балалар арасындағы қылмыстық оқиғалардың артуына не себеп?», «Ата-аналар бала тәрбиесінде нені ескермей отыр?», «Ата-ана мен баланың тілдік қарым-қатынасының тәрбиедегі орны қандай?» сияқты маңызды сұрақтар пәнаралық тұрғыдан қарастырылды.  Жоғарыдағы сұрақтардың жауабын анықтау мақсатында қазақ қоғамының дамуындағы әр кезеңге қысқаша сипаттама берілді, бұл сипаттама бала тәрбиесіндегі артықшылықтарымыз бен кемшіліктерімізді бағамдау үшін қажет. Баламен сауатты тілдік қарым-қатынас құру ежелден қазақ халқының тәрбие саясатындағы басты ұстанымы болды. Мақалада отбасы тәрбиесіндегі тілдік қарым-қатынастың маңыздылығының мысалы ретінде қазақ жазушыларының көркем шығармалары қарастырылды. Бала тәрбиесінде тілдік қарым-қатынас бала дамуындағы психофизиологиялық факторларды ескере отырып қатар жүргізілуі керек, сол себепті балаға дұрыс тәрбие беруде қандай психофизиологиялық факторлар бар деген сұрақтың жауаптары осы саладағы  ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып талданды.  Мақала қоғамның бүгінгі даму жағдайында бала тәрбиесіне қатысты заманауи өзгерістерді қамти отырып,  заманауи теорияларға сүйенген, ұлттық білім мен құндылықтарға негізделген пәнаралық кешенді зерттеулер қажеттілігі, қазіргі қоғам форматына сай отбасылық тәрбие туралы білімнің  қажеттілігі мәселесін көтереді.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдыханова B. ., & Мейрамбекова L. . (2026). Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың лингвистикалық және психофизиологиялық өлшемдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1212

Most read articles by the same author(s)