История, язык, культура татар в Казахстане
Просмотры: 41
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-173-184Ключевые слова:
историческая миграция, взаимодействие татар и казахов, этническая идентификация, образование, язык, сохранение этнокультурыАннотация
Мақала Қазақстан Республикасындағы татар диаспорасының тарихын,
мәдениеті мен тілін саралауға арналған. Мақалада патшалық Ресейдің қоғамдық және саяси тепкісінің салдарынан XVIII ғасырдың соңында қазақ жеріне татарлардың қоныс аудару
тарихы қарастырылады. Сонымен қатар автор XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақтардың сауда, діни және білім беру процесіндегі татар келімсектерінің рөлін
ашып көрсетеді. Мақалада Қазақстандағы қазіргі татарларларға әлеуметтік-мәдени сараптама жасау маңызды орынға ие. Оның басты компоненті ішкі және сыртқы көші-қон себептері, гендерлік мәселелер, аралас неке, татар тілін, сонымен қатар мемлекеттік қазақ және
елдегі басқа да тілдерді білуі, білім мәселесі, діни сенімі, қазіргі татарлардың ауызша халық
шығармаларын білуі, өздерінің этникалық ғұрыптарын (салт-дәстүр, жоралғылар) сақтауы
саналады. Жүргізілген сараптама мұрағаттық материалдарды зерделеуге, сондай-ақ ақпарат берушілерге сауалнамалық сұрау салуға арқа сүйейді.