Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасуы
Қаралымдар: 203 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-258-272Кілт сөздер:
Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебі, қалыптасуы, нәзира дәстүрі, қисса-дастандар, әдебиет өкілдері, кеңес дәуіріндегі пікірлерАңдатпа
Мақалада Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасу алғышарттары мен рухани-мәдени негіздері жүйелі түрде талданады. Бұл өңір – қазақ халқының рухани тарихында ерекше орын алатын, діни-ағартушылық, жыраулық және айтыс дәстүрі терең тамыр жайған аймақ. Қазақ халқының сан ғасырлық мәдени мұрасы түрлі саяси оқиғалардың куәсі болғанымен, оңтүстік өңірдің әдеби мұралары жинақталып, жарияланып, зерттеу жұмыстары жүйелене бастағаны байқалады. Мақалада Қазығұрт-Қаратау өңірінен шыққан көрнекті ақындардың шығармашылығы негізінде бұл әдеби мектептің басты көркемдік-идеялық ерекшеліктері сараланады. Мектеп өкілдері ислам діні мен сопылық ілімді поэзиямен ұштастырып, ел бірлігі, адамгершілік, әділеттілік және отарлық үстемдікке қарсылық тақырыптарын жыр арқауына айналдырды. Сонымен қатар зерттеуде әдеби мектептің жанрлық табиғаты, көркемдік тілі мен тақырыптық алуандығы, ұлттық сананы тәрбиелеудегі рөлі ашып көрсетіледі. Қазығұрт пен Қаратау өңірлері ежелден сопылық поэзияның, жыраулық дәстүр мен айтыс өнерінің өркен жайған ортасы болғаны белгілі. Мектеп өкілдерінің дидактикалық өлеңдері, салт-жырлары, айтыстары, қисса-дастандары мен терме-толғаулары - халқымыздың тілдік, рухани және имани құндылықтарының сақталып, ұрпақ санасына сіңірілгенінің дәлелі. Зерттеу нәтижесінде Қазығұрт-Қаратау аймақтық әдебиет мектебінің қалыптасу негіздері жүйеленіп, оның қазақ руханиятындағы өзіндік орны нақтыланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




