Мемуардың жанраралық сипаты
Қаралымдар: 259 / PDF жүктеулері: 157
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-193-205Кілт сөздер:
мемуарлық роман, жазушы, өмірбаяндық баяндау, саяхат жазбасы, ретроспективтілік, күнделік, очерк, эпистолярлық, деректілік.Аңдатпа
Мақалада әдебиеттегі эпостың бір түрі болып табылатын мемуардың жанраралық ерекшелігі қарастырылады. Естелік пен очерктің өзіндік сипаты мен белгілерін, өмірбаян, саяхат жазбалары және басқа да осыған ұқсас деректі - көркем шығармаларға сипаттама берілген. Зерттеуші ғалымдардың пікірін басшылыққа ала отырып мемуарлық романдардағы негізгі белгілер деректік ақпараттар оны публицистикаға ұқсатқанымен, мемуардың кейбір ерекшеліктері арқылы оның көркем әдебиетке жататынын ашып көрсетуге талпыныс жасалды. Мемуарлар көркем әдебиет және әдебиеттің деректі жанрларының: өмірбаяндық хикаяттар, тарихи роман, хроника, роман-өмірбаян, очерк, күнделік, жол жазбалары, хаттарды, эссе (роман-эссе, повесть-эссе) және т. б. элементтерін кеңінен пайдалануымен (бұлар мемуарда тарихи дерек, ал көркем әдебиетте көркемдік әдіс ретінде пайдаланылады) ерекшеленетіні дәлелденді. Мемуарлық туындылардың, мемуарлар мен эссе, естеліктер әдебиетімізде ежелден бар эпика жанрындағы дәстүрлерді жалғастырып қана қоймай, оқырманның рухани сұраныстарына жауап бере отырып, сөз зергерлерінің шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, олардың қаламгерлік шеберлігін жетілдіруде үлкен мектеп болғаны дәйектелді. Мемуарлық жанр очерк, эссе, күнделік, эпистолярлық туындылар, автобиографиялық әңгіме, повесть, роман, хроника, публицистикалық мақала, жазбалар, репортаж элементтерін біріктірген синтетикалық құрылым екендігі негізделді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




