Мнемоникалық тірек сөз әдісінің ағылшын тілінің лексикалық оқыту процесіне әсері
Қаралымдар: 326 / PDF жүктеулері: 173
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-345-354Кілт сөздер:
сөздік қор, тіл, мнемотехника, мнемоникалық кілт сөз әдісі, кілт сөз, жады.Аңдатпа
Шет тілін үйренудің инновациялық әдістерінің бірі-сөздерді есте сақтау үшін мнемотехниканы қолдану. Когнитивті ғылым және есте сақтаудың негізгі принциптері тұрғысынан бұл әдіс оқытудың ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Ассоциативті байланыстарды қалыптастыру сияқты когнитивті процестер ақпаратты есте сақтауда маңызды рөл атқарады. Тірек сөздердің мнемоникалық әдісін қолдана отырып, сөздерді жаттау кезінде психикалық бейнелер мен байланыстар жасау маңызды. Сонымен қатар, бұл процесс когнитивті функциялардың визуалды және шығармашылық аспектілерін белсендіреді. Жүргізілген эксперименттік зерттеу осы әдісті қолдануға үйретілген студенттердің оны қаншалықты пайдалы деп санайтынын және болашақта қолдануды жалғастырғысы келетінін түсінуге бағытталған.
Бұл мақалада ағылшын лексикасын есте сақтау үшін мнемоникалық тірек сөз әдісін қолдану қарастырылады. Мнемотехниканы қолдану оқушылардың ынтасын арттырады және олардың сөздік қорын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты студенттердің осы әдіске қатысты пікірлерін анықтау болды. Осы мақсатқа жету үшін Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бакалавриатының бірінші курс студенттері арасында сауалнама (questionnaire) жүргізілді. Сауалнамаға бір академиялық семестрде ағылшын тілі сабақтарында мнемоникалық тірек сөзі әдісін қолданған студенттер қатысты. Зерттеу нәтижесінде студенттердің берілген әдістің тиімділігіне, студенттердің болашақта осы әдісті қолдану ниетіне, олардың таңдауына әсер ететін факторларға және әдісті қолдану процесінде туындайтын қиындықтарға қатысты көзқарастары анықталды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




