Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ұлттық код
Қаралымдар: 403 / PDF жүктеулері: 251
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-74-88Кілт сөздер:
ұлттық код, таным, салт-дәстүр, лингвомәдениет, этнолингвистика, мәдениет.Аңдатпа
Мақалада салт-дәстүрлердегі ұлттық код мәселесі мен олардың тілдік көрінісі лингвомәдени аспектіде қарастырылады. Кез келген халықтың таным түсінігі, болмысы, салты мен дәстүрі, этнос дүниетанымындағы мәдени құндылықтардың мәні тіл арқылы көрініс тауып жатады. Қазақ халқының мәдени, тарихи ақпараттарын бойына жинақтаған салт-дәстүрлер – ұлттық код ретіндегі халықтың рухани құндылықтарының бірі. Салт-дәстүр – қазақ халқының генетикалық коды. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер әрбір ұлттың болмысын айқындап, мәдениетінің негізін құрайды. Әрбір ұлттың шынайы бейнесі мен оның болмыс-бітімі сол ұлттың тілі негізінде ұрпақ жадында сақталады. Олай болса, лингвомәдениеттің негізгі ұғымдарының бірі – лингвомәдени кодты ұлттық кодты тануға, этнос жайлы ақпараттарды оқуға мүмкіндік беретін негізгі құрал деп қарастырамыз. Тіл білімінде антропоөзектік ғылыми парадигма адам, тіл және мәдениеттің өзара байланысын зерделей келе, тілді халықтың жылдар бойы жинақтаған тәжірибесімен, ғасырлық тарихымен, таным әлемімен, мәдениеті мен салт-дәстүрімен байланыстыра қарастырады. Әлемнің тілдік бейнесін тануда лингвомәдени таным және ұлттық код мәселелерін зерттеу, белгілі бір халықтың мәдени болмыс-бітімін, табиғатын тіл деректері арқылы тану – тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі. Сол себепті де қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойына жинаған салт-дәстүрлерді ұлттық мәдени код ретінде тану – мақаланың басты мақсаты. Мақалада қазақ халқының салт-дәстүрлер жүйесіндегі тілдік бірліктердің этномәдени, танымдық мазмұны сараланып, ақпарат таңбаларының жиынтығы ретінде талданды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




