Халед Хоссейнидің нарратив аудармасының лингвомәдени аспектілері
Қаралымдар: 329 / PDF жүктеулері: 164
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-271-282Кілт сөздер:
аударматанудағы лингвомәдени бағыт, көпмәдениетті әдебиет, көркем аударма, лингвомәдени ерекшеліктер, форенизация, доместикация, аударма стратегияларыАңдатпа
Мақалада Халед Хоссейнидің «Батпырауық қуған бала», «Жарқыраған мың күн», «Таудағы жаңғырық» сияқты шығармалары аудармаларындағы лингвомәдени мәселелер қарастырылады. Ауғандық және американдық мәдени контекстер тоғысында туындаған аталмыш көркем туындылар лингвистикалық және мәдени ерекшеліктерімен, атап айтқанда, реалийлер, идиоматикалық бірліктермен қатар, мәдени кодтардың бір-бірімен алмасуымен сипатталады. Оларды орыс және қазақ тілдеріне аудару барысында түпнұсқалық нарративтің шынайылығы мен тақырыптың тереңдігін, лингвомәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, адекватты аударма жасау үшін тиімді аударма бағытын қолдану талап етіледі. Мақалада баяндалған сараптама аударматанудағы лингвистикалық теория мен мәдени бетбұрыс тұжырымдамасын біріктіретін аударматанудың лингвомәдени бағытына негізделген. Аудармаға талдау жасау барысында аталмыш ұстаным аударма мәтіндерінде қолданылатын форенизация және доместикация аударма стратегияларын егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді. Сараптама барысында қол жеткізілген нәтижелер түпнұсқа мәтіндердің тұтастығы мен лингвомәдени ерекшеліктерін сақтайтын аударма тәжірибесінің маңыздылығын көрсете отырып, көпмәдениетті әдебиет туындыларын аударудағы өнімді тәсілдерді айқындап, жалпы көркем аударманың дамуына ықпал етеді. Жүргізілген аударма талдаудың практикалық маңыздылығы мәдениетаралық диалогты кеңейтуге, жаһандық эмпатияны нығайтуға және көпмәдениетті әдебиет контексіндегі аударма стратегияларын жетілдіруге өзіндік үлес қосады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




