Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың сипаты және сингармонизмі


Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • Б.К. Көпбосынов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0001-0158-2968
  • М.Е. Әлімбаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5596-737X
  • Г.Ы. Серкебаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8423-1129

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-89-102

Кілт сөздер:

қазақ тілі, дауыссыз дыбыстар, дауыс желбезегі, сингармонизм, фонетика, артикуляция, дыбыстар

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қазақ тілінің, сөйленістеріндегі, сөз ішіндегі, сөз бен сөздің арасындағы, дыбыстарындағы  сингармонизмнің ерекшеліктері жайлы сөз болады. Осы уақытқа дейін сингармонизм жайлы ғалымдар арасында түрлі пікірлердің болғанын зерттеу жұмысы дәлелдеді. Зерттеушілердің көпшілігі сингармонизмді дауысты дыбыстардың үндесуі деген пікірді алға тартады. Біз өз жұмысымызда оның дауыссыз дыбыстарға да қатысы бар екенін мысалдар арқылы дәлелдедік. Өзімізге дейінгі ғалымдардың, әсіресе дыбыстардың жасалым, айтылым, естілім сипатын лабораториялық жолмен сараптаған зерттеушілердің еңбектерін жүйелеп топтастырдық. Қазіргі қазақ тіліндегі моносиллабтардың тұлғалық, мағыналық даму бағытын айқындауда дауыстылардың да, дауыссыздардың да сәйкестігінің маңызы ерекше екенін көре аламыз. Жинақталған материалдарды өңдеу барысында сингармонизмнің тілде атқаратын қызметіне баса назар аударылды. Мысалдар салыстырмалы, салғастырмалы әдістер арқылы жүйеге келтірілді, топтастырылды. Дауыс желбезегінің қатысуымен қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалуы желбезектің тербеліс  толқындарына байланысы арқылы көрінеді. Дауыс желбезегінің толық тербелуінен – дауыстылар,  көбірек тербелуінен – үнді дауыссыз дыбыстар,  орташа тербелетін болса – ұяң дауыссыз дыбыстар, ал мүлде тербелмесе – қатаң дауыссыз дыбыстар пайда болады деген тұжырым қорытындыланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көпбосынов, Б. ., Әлімбаев, М. ., & Серкебаева, Г. . (2025). Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың сипаты және сингармонизмі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 151(2), 89–102. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-89-102