Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың сипаты және сингармонизмі
Қаралымдар: 201 / PDF жүктеулері: 126
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-89-102Кілт сөздер:
қазақ тілі, дауыссыз дыбыстар, дауыс желбезегі, сингармонизм, фонетика, артикуляция, дыбыстарАңдатпа
Бұл мақалада қазіргі қазақ тілінің, сөйленістеріндегі, сөз ішіндегі, сөз бен сөздің арасындағы, дыбыстарындағы сингармонизмнің ерекшеліктері жайлы сөз болады. Осы уақытқа дейін сингармонизм жайлы ғалымдар арасында түрлі пікірлердің болғанын зерттеу жұмысы дәлелдеді. Зерттеушілердің көпшілігі сингармонизмді дауысты дыбыстардың үндесуі деген пікірді алға тартады. Біз өз жұмысымызда оның дауыссыз дыбыстарға да қатысы бар екенін мысалдар арқылы дәлелдедік. Өзімізге дейінгі ғалымдардың, әсіресе дыбыстардың жасалым, айтылым, естілім сипатын лабораториялық жолмен сараптаған зерттеушілердің еңбектерін жүйелеп топтастырдық. Қазіргі қазақ тіліндегі моносиллабтардың тұлғалық, мағыналық даму бағытын айқындауда дауыстылардың да, дауыссыздардың да сәйкестігінің маңызы ерекше екенін көре аламыз. Жинақталған материалдарды өңдеу барысында сингармонизмнің тілде атқаратын қызметіне баса назар аударылды. Мысалдар салыстырмалы, салғастырмалы әдістер арқылы жүйеге келтірілді, топтастырылды. Дауыс желбезегінің қатысуымен қазақ тіліндегі дыбыстардың жасалуы желбезектің тербеліс толқындарына байланысы арқылы көрінеді. Дауыс желбезегінің толық тербелуінен – дауыстылар, көбірек тербелуінен – үнді дауыссыз дыбыстар, орташа тербелетін болса – ұяң дауыссыз дыбыстар, ал мүлде тербелмесе – қатаң дауыссыз дыбыстар пайда болады деген тұжырым қорытындыланды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




