«Ләйлі мен Мәжнүн» дастанындағы көркемдік және идеялық ерекшеліктер: Низами мен Шәкәрім нұсқаларында
Қаралымдар: 259 / PDF жүктеулері: 125
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-193-205Кілт сөздер:
Ләйлі мен Мәжнүн, Низами, Шәкәрім, шығыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, көркемдік ерекшелікАңдатпа
«Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны – шығыс әдебиетінің көрнекті туындысы, махаббат пен трагедияның символы ретінде танымал болған шығарма. Мақалада Низами мен Шәкәрім нұсқасындағы «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны идеялық және көркемдік ерекшеліктері тұрғысынан салыстырмалы талданады. Зерттеу барысында екі ақынның шығармаларындағы махаббат тақырыбының берілу тәсілдері, әлеуметтік шектеулер мен адам еркіндігі мәселелерінің көрінісі, сондай-ақ шығыстық әдеби дәстүр мен қазақы дүниетанымның өзара сабақтастығы қарастырылады. Низами нұсқасының поэтикалық тілі мен Шәкәрімнің аударма-адаптациясында қосылған ұлттық бояу, философиялық ой тереңдігіне баса назар аударылады. Екі нұсқаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары, олардың тарихи және мәдени контекстегі мәні жан-жақты ашылады. Сонымен қатар, Шәкәрімнің шығармашылық әдісінің ерекшеліктері мен оның қазақ әдебиетіндегі орнына баға беріледі. Бұл зерттеу "Ләйлі мен Мәжнүн" дастанының екі нұсқасы арқылы шығыстық және қазақ әдебиеті арасындағы шығармашылық үндестікті түсінуге бағытталған.Тақырыпты таңдаудағы мақсат Низами мен Шәкәрім нұсқасындағы Ләйлі мен Мәжнүн дастанның негізгі идеялары мен философиялық, моральдық құндылықтарын ашу. Әртүрлі дәуір мен мәдениеттегі махаббаттың ұғымы мен оған қатысты көзқарастарды салыстыру. Екі ақын шығармашылығындағы поэтикалық стиль мен құрылымдық ерекшеліктерді талдау. Дастанның шығу кезеңін және оның сол дәуірдің мәдени және әлеуметтік жағдайларымен байланысын зерттеу. Ләйлі мен Мәжнүн дастанының қазақ әдебиетіне, мәдениетіне және фольклорына әсері және Шәкәрімнің бұл тақырыпқа деген көзқарасын, дастанның қазақ әдебиетінде қалай жаңғырып, өзгергенін талдау.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




