Фольклорды кешенді зерттеу: полипәндік және пәнаралық әдістер
Қаралымдар: 316 / PDF жүктеулері: 239
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-160-167Кілт сөздер:
фольклор, фольклортану, пәнаралық тәсіл, полипәндік тәсіл, кешенді зерттеу, интегративті әдіс, фольклорды монопәндік зерттеу, фольклорды пәнаралық зерттеуАңдатпа
ХХІ ғасырда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында кешенді процестердің айтарлықтай өсуі байқалады. Интегративті зерттеулердің маңыздылығы мен қажеттілігін гуманитарлық ғылымдар, оның ішінде фольклор және фольклортану ғылымыда айқын көрсетіп отыр. Осыған байланысты фольклортану ғылымында өзінің даму бағытын қайта бағалаудың, фольклордың қазіргі ғылымдағы орны мен маңызының түбегейлі өзгеруіне байланысты зерттеу тақырыбын нақтылаудың қажеттілігі туындауда. Фольклорда бұрын қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдер, оның ішінде монопәндік әдіс-тәсілдердің қазіргі фольклорлық процесті сипаттау мүкіндіктері толық ашылмайтындығы байқалуда.
Бұл жағдай қазіргі фольклортанудың алдына фольклорды кешенді зерттеу бойынша жаңа міндеттер қойып отыр. Осы міндеткті орындауға үлес қосу мақсатында «Фольклорды кешенді зерттеу: полипәндік және пәнаралық әдістер» атты ғылыми мақала ұсынылады.
Мақалада теориялық-әдіснамалық базалардфң негізінде фольклорлық дәстүрді және оның синергетикалық теорияға сәйкес дамуын жан-жақты зерттеудің проблемалары мен мүмкіндіктері талданады.
Жұмыс барысында салыстырмалы-салғасттырмалы, индуктивті және нарративті зерттеу әдістері қолданылды.
Алынған нәтижелер «кешенді зерттеу» термині фольклорды зерттеудегі полипәндік және пәнаралық тәсілдерді қамтитынын көрсетеді. Олардың әрқайсысының фольклортанудың бірыңғай ғылыми базасын құруда өзіндік мүмкіндіктері зор. Фольклорды зерттеудің кешенді моделі бірыңғай ғылыми әдіснаманы, бір тақырыпты, бір ғылыми құралдарды қамтиды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




