Корпустың құрылымдық сипаты және қызметі
Қаралымдар: 289 / PDF жүктеулері: 136
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-172-185Кілт сөздер:
компьютерлік лингвистика, корпус, корпустың құрамы, ұлттық корпус, корпус құрастыру, лексикографиялық зерттеулерАңдатпа
Тілді модельдеудің бір бағыты – компьютерлік аударма ісі бойынша зерттеулер жүргізу қазір аса маңызды және уақыт талабы болып отыр. Зерттеудің мақсаты – корпус, параллель корпус, олардың мақсаты мен қызметі, құрылым ерекшеліктері жайында мәлімет беру, корпустардың машиналық аударма ісіндегі қызметін талдау. Негізгі бағыттары – корпус түзудің негізгі талаптарына, жалпы құрылымына ақпараттық шолу жасау. Негізгі идеясы – машиналық аударма ісінде компьютерлік лингвистика әлеуетін ұтымды пайдалану жолдарын ұсыну. Корпус құрылымы, жұмыс істеу алгоритмі, қызметі бойынша берілген мәліметтер машиналық аударма саласында жүргізілетін әртүрлі көлемдегі зерттеулерге сай теориялық әрі тәжірибелік негіз бола алады. Зерттеу әдістемелері: теориялық талдау, жинақтау, сауалнама. Зерттеудің негізгі нәтижелері, талдаулары, қорытындылары: сауалнама нәтижесінен бақылағанымыз: Қазақ тілінің ұлттық корпусының сан алуан мүмкіндіктеріне сұраныс көп. Корпустың міндеттері мен мүмкіндіктері әлдеқайда күшті екені белгілі. Дәлірек айтқанда, машиналық аударма ісінде негізгі құрал болуы керек екенін айрықша атаған орынды деп есептейміз. Өйткені бүгінде Қазақ тілінің ұлттық корпусында тек мәтінді өңдеудің бірнеше түрі ғана іс жүзінде қолданылады. Осының өзінде техникалық әрі базалық ақау аз емес. Ал машиналық аударманы жетілдіру үшін корпустың ішінде параллель корпустар құрылуы қажет.
Жүзеге асырылған зерттеудің мәні Қазақ тілінің ұлттық корпусының дамуына үлес қосады. Жұмыс нәтижесінің практикалық мәні: Корпус қызметі, жұмыс істеу алгоритмі, құрылымы бойынша алынған нәтижелер кейінгі зерттеушілерге тәжірибелік жұмыстар жүргізу кезінде жетекші нұсқаулық қызметін атқара алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




