Қазақ тілді аудиторияға шағатай тілі лексикасын оқыту жолдары («Бабырнама» мысалында)
Қаралымдар: 243 / PDF жүктеулері: 157
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-261-271Кілт сөздер:
шағатай тілі, қазақ тілі, лексика, кірме сөз, әдістеме, контекстуалды талдау, сөздікпен жұмыс, көрнекілік құралАңдатпа
Шағатай тілінде жазылған жазба ескерткіштерді оқып-зерттеу қазақ тілі мен мәдениеті үшін ерекше маңызды. Қазақ тілінің қалыптасып, даму жолы жайлы мәлімет беретін бұл тілде жазылған еңбектердің бірі – XVI ғ. өмір сүріп, Кабул (Ауғанстан), Үндістан мемлекеттерін бағындырып, алып империя негізін қалаған Захириддин Мұхаммед Бабырдың жазып қалдырған өмірбаяндық шығармасы. Бұл мақалада «Бабырнама» еңбегіндегі бейтаныс сөздерді қазақ тілі тұрғысынан оқыту жолдары қарастырылады. «Бабырнамадағы» көнерген және кірме сөздерді меңгеру арқылы білім алушылардың сөздік қоры кеңейіп, тілдік құзыреттілігі артады. Мәтіндегі сөздерді түсіну деңгейін анықтау үшін тестілеу және сауалнама әдістері қолданылды. 28 білім алушы қатысқан зерттеу сынағында мәтінді оқу барысында түсініксіз сөздердің мағынасын контекст арқылы анықтау, сөздіктермен және көрнекілік құралдармен жұмыс жасау сияқты оқыту тәсілдерінің тиімділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері оқырман үшін түсініксіз сөздердің мағыналарын анықтауда сөздіктермен жұмыс жасаумен қатар контекстуалды талдау және қазақ тілінен сөздердің баламаларын іздеудің де тиімді тәсіл екенін көрсетті. Бұл зерттеу «Бабырнаманың» лексикасын оқытуда контекстуалды талдау және сөздіктерді қолдану әдістерін ұштастыра қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




