Университеттің цифрлық ортасында филологтың тілдік тұлғасын дамыту
Қаралымдар: 279 / PDF жүктеулері: 151
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-239-246Кілт сөздер:
филологтың тілдік тұлғасы, скаффолдинг, педагогикалық қолдау, электрондық білім беру орта жоғары оқу орындаАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – скаффолдингті ЖОО-ның электрондық білім беру ортасында педагогикалық қолдаудың ерекше түрі ретінде қолдануды негіздеу. Мақалада шет тілін үйрену кезінде студенттерді педагогикалық қолдаудың мәні, функциялары мен әдістері, сондай-ақ нысандары ашылады; электрондық білім беру ортасындағы скаффолдинг принциптері негізінде шет тілі бойынша электрондық оқу курсының ерекшеліктері қарастырылады; FutureLearn электрондық оқу курсының мысалында студенттердің шет тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін білім беру процесіне скаффолдинг принциптерін енгізудің тиімділігі тексеріледі. Зерттеудің ғылыми жаңалығы жеке скаффолдинг, серіктестік скаффолдинг және компьютерлік скаффолдинг сияқты скаффолдингтің үш негізгі түрін анықтау болып табылады. Нәтижесінде скаффолдинг принциптеріне негізделген FutureLearn электрондық шет тілі курсы әзірленді және енгізілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




