Жоғары білім беру жүйесінде «Жалпы тіл білімін» лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы ретінде оқыту
Қаралымдар: 297 / PDF жүктеулері: 229
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-247-260Кілт сөздер:
жоғары білім беру жүйесі, «Жалпы тіл білімі» пәні, лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы, іргелі зерттеулер, оқулықтар.Аңдатпа
Мақала жоғары білім беру жүйесіндегі «Жалпы тіл білімін» оқытудың өзектілігін талдауға және «Жалпы тіл білімі» пәнін лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы ретінде дәйектеуге арналған. Зерттеудегі талдау нәтижелері мен ұсынылған қорытындылар ғылыми-теориялық базаны құрайтын пәндерді оқытудың студенттердің ғылыми-танымдық әлеуетін қалыптастырудағы рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі жоғары білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудың тиімді тұжырымдамасын ұсыну үшін білімнің сапасына басымдық беру қажеттілігі айқын көрініп отыр. «Жалпы тіл білімі» пәнінің білім мазмұнында лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасу, даму сатылары, кезеңдері, әдістері-тәсілдері, ғылыми парадигмалары сияқты ең маңызды ғылыми ақпараттар қамтылады. Осымен байланысты бұл пән студенттердің лингвистика бойынша ғылыми-танымдық әлеуетін арттыратын іргелі білімдер жүйесі болып табылады.
Мақаланың басты мақсаты – жоғары білім беру жүйесінде «Жалпы тіл білімін» лингвистиканың ғылыми-теориялық базасы ретінде оқытудың өзектілігін анықтау және осы саладағы назар аударылуы тиіс негізгі мәселелерді жүйелеу.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




