Балалар теледискурсы: коммуникаторлар тіліндегі орфоэпиялық норма көрінісі
Қаралымдар: 234 / PDF жүктеулері: 199
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-102-113Кілт сөздер:
орфоэпиялық норма, балалар теледискурсы, медиалингвистика, телеконтентАңдатпа
Мақалада «Balapan» арнасының телебағдарламалары теледискурс ретінде қарастырылды. Теледискурс жайлы зерттеулерге, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеулер жалпы теледидар тіліне байланысты болып келеді, ал телеконтенттердегі балалар дискурсы туралы ізденіс жұмыстарының жоқ екені байқалды. Осыдан келіп, балалар теледискурсын зерттеудің өзектілігі айқын және жоғары деп саналады. Бұл мақалада «Balapan» телеарнасы бағдарламаларындағы балалар теледискурсының орфоэпиялық нормаға сай немесе сай еместігі қарастырылды. Нәтиже Speech Analyzer әдісінің көмегімен айқындалды. Телекоммуникатордың көтеріңкі және төменгі дыбыстау қарқынының сегменттері сурет арқылы көрсетілді. Балалардың сценарий бойынша сөйлеген сөздері ауызша дыбыстау ережелерімен сәйкестігі айқындалды. Лингвистиканың тілді медиаконтенттерде дұрыс қолданудың теориясы мен практикасына орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеу бойынша белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Қазақ тілінің акустика-артикуляциялық табиғатын сақтау үшін орфоэпиялық норманы ескере отырып, сөйлеуді қалыптастыру қажет. Бұл ұлттық тілдің өміршең болуына көп пайдасын тигізеді. Ұсынылып отырған мақалада қазіргі тіліміздегі сөздердің айтылудағы дыбыс қарқыны, ырғағы және әуезді айтылымы көрсетіліп, өзгерістер суреттер арқылы беріледі. Суреттегі сипаттамалардан қазіргі қазақ сөзінің балалар дискурсындағы айтылымын анық байқауға болады, осы арқылы әрі қарай мақсатты түрде қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтау қажеттігі көрінеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




