М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі мақал- мәтелдердің ерекшеліктері
Қаралымдар: 413 / PDF жүктеулері: 258
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-69-79Кілт сөздер:
мақал-мәтелдер, орта ғасыр, Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат ит-түрік», жазба ескерткіш, түркі халықтары, сабақтастықАңдатпа
Мақал-мәтелдер – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, ұлттың мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы, халықтың көркем ойын айшықтайтын фольклор.
Ұтымды айтылып, қысқа қайырылатын даналық сөздер көне түркіден қалыптасқан, бұл – адамның сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатын құбылыс. Халық арасында қолданыс негізінде мақал мен мәтелге айналып кеткен, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа жеткен терең мағыналы ғибратты сөздерді қорытынды пікірлер деп қабылдауға негіз бар.
Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бірқатары, мәселен Махмұт Қашқари, Жүсіп Балас ағұн, Ахмет Йүгінеки қаламынан туған жәдігерлерде мақал-мәтелдер молынан ұшырасады. Орта ғасыр мұраларындағы мақал-мәтелдерді зерттеу арқылы түркілік дүниетанымды зерделеуге зор мүмкіндік
туады. Ескіні білу арқылы жаңаны тану, атадан қалған мұраны зерттеу, оларды қазақ халқының игілігіне пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы.
Мақалада М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі мақал-мәтелдердің ерекшеліктері талданады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




