Антропоцентрлік парадигма мәселелері мен тілдік универсалийлердің когнитивті аспектісі
Қаралымдар: 361 / PDF жүктеулері: 272
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-29-43Кілт сөздер:
таным, тілдік универсалиилер, лингвомәдениет, тілдік бейне, лингвистикалық типологияАңдатпа
Қазақ тіл білімінде тілдік жүйенің белгілі бір бөлігімен көрінетін идеяларды, стереотиптерді қайта құруға мүмкіндік беретін тілдің лингвомәдени құндылықтары біз үшін маңызды болып табылады.
Аталмыш мақалада тілдерді немесе олардың көпшілігін сипаттайтын тілдік универсалиилердің когнитивті аспектісі талданады. Осылайша, антропоцентристік парадигма аясында жалпы және жеке тілдік
сипаттамаларды белгілеу жүзеге асырылады, нәтижесінде қазіргі тіл білімі ғылыми бағыттардың конгломераты ретінде ұсынылып отыр. Әмбебап тілдік сипаттамалар лингвомәдени зерттеулер үшін ақпараттық материал ретінде қарастырылған. Олар сөздің басқа
объектімен ұлттық анықталған интерпретациясын нақты немесе мәдени
кодтарға негізделген бірліктер арқылы жеткізеді. Негізгі және әмбебап кодтар арқылы әр мәдениет қолданысындағы тілдік бірліктердің ара жігі ажыратылады. Олар лингвистикалық дүниетанымды анықтау және білдіру үшін қолданылады. Бұл зерттеу жұмысында мұндай кодтардың болуы тәжірибе мен білімді көрсететін стереотиптердің пайда болуын түсіндіруге мүмкіндік беретіні туралы талданады. Негізгі түйін, мәдени код ұғымы заманауи лингвистикадағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Мәдени кодтар арқылы мәдени маңызды ақпарат жиналады
және беріледі, бұл мәдениетаралық коммуникация процесінде өте
маңызды деп білеміз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




