Абайдың «Қара сөздеріндегі» «уайым-қайғысыздығына уайым- қайғы қылу» ұғымы
Қаралымдар: 313 / PDF жүктеулері: 274
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-106-116Кілт сөздер:
тілдің әлеуметтік қызметі, семантикалық мән, Абай өлшемі, «уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қылу» тұжырымы, рухани құндылық динамикасы, тұтастық, бүтіндік ұғымыАңдатпа
Қоғам мен тілдің қарым-қатынасын, адамның қоғамдағы психологиясын, мінезін, ділін тіл арқылы зерделеп, психология мен
этнографиядағы тілдің әлеуметтік табиғатын жүйелейтін әлеуметтік тіл білімінің қазіргі таңда маңызы ерекше болып отыр. Мақаланың мақсаты – қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелердің, әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтік құндылықтардың тілдегі және сөйлеу дискурстарындағы көрінісін Абай шығармалары негізінде зерделеу. Зерттеу мақалада Абайдың «уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қылу» тұжырымы
лингвопсихологиялық, лингвомәдени тәсілдер аясында тұңғыш рет ғылыми сараланады. Ғылыми мақаланың мәні – Абай айқындаған өмір харекеттерінің жиынтық өлшемін мәнін ашу, талдау, жүйелеу. Харекет жиынтығының жеке тұлға өміріндегі тұтастық пен бүтіндікті
қалыптастырудағы маңызын зерделеу. Ғылыми жұмыс нәтижелерінің
практикалық маңызы – қазіргі қазақ қоғамында рухани қажеттілікке
айналып отырған ұлттық құндылықты Абай тұжырымдары арқылы көрсету. Абай айтқан «сөзіне қарай кісіні алу» идеясы қазіргі таңда әлемдік тіл білімінде сөзді зерттеудің басты бағыттарының бірі ретінде танылады. Мақалада адам мен оған қатысты базалық құндылықтардың динамикалық рейтингі мен оларды реттеуші ұғымдар мен қағидалар
Абай даналығы арқылы айқындалады. Тарихи тәжірибе арқылы кешенді жүйеге түскен Абайдың ғылыми ойлары қазір құндылық концепциясына
айналған. Абай сөзінің концептуалды қатар құрайтын тұжырымдары аксиологиялық тұрғыдан зерделенуінің практикалық маңызы бар.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




