Т. Жүргеновтің «Переводчиктің қиялы» өлеңінің көркемдік ерекшелігі
Қаралымдар: 254 / PDF жүктеулері: 186
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-238-248Кілт сөздер:
шығарма, өлең, хронотоп, қиял, лирикалық кейіпкер, ирония, автор, аудармашы, елес, бейнеленген әлемАңдатпа
Мақала көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің шығармашылығына арналған. Зерттеу нысаны біздің қолымызда сақталған оның «Переводчиктің қиялы» атты жалғыз өлеңі болып табылады. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы жан-жақты талдау барысында шығарманың бірегейлігі мен көркемдік құндылығы, Т.Қ. Жүргеновтің поэтикалық шеберлігі, талантының көп қырлылығы ашылады. Мақалада аталған өлеңнің ирониялық түрде жазылғандығы, терең идеялық-тақырыптық мазмұнмен сипатталатындығы көрсетіледі. Аудармашы бейнесіне назар аудара отырып, Т.Қ. Жүргенов жалпыадамзаттық проблемаларды көтереді. Ол ХХ ғасырдың басындағы өзі өмір сүріп жатқан қоғамның рухани құндылықтары туралы ой қозғайды. Өлеңді талдау барысында Т.Қ. Жүргеновтің дүниетанымы мен ақиқат пайымын қабылдау ерекшеліктері, жеке дара авторлық тұжырымдамасы ашылады. Мақалада шығарманың құрылу реті қарастырылады. Өлең хронотоп дәлдігімен сарапталады. Жұмыстың құрылымы мен мазмұнындағы уақыт пен кеңістік категорияларының рөлі мен маңызы анықталады. Хронотоп мәселесін зерттеу негізінде автор мен кейіпкердің қазіргі шындыққа қатынасы анықталады. Талдау барысында Т.Қ. Жүргенов өлеңінің кеңістіктік-уақыттық континуумы көпөлшемділікпен сипатталатыны атап өтілді. Шығармада аудармашының психологиясы мен құндылықтар жүйесінің
ерекшеліктері ашылады. Талдау кезінде өлеңнің құрылымында автор көтерген мәселелердің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін түйін бар екендігі көрсетілген. Бұл зерттеудің құндылығы оның нәтижелерін Т.Қ. Жүргеновтің көркемдік мұрасын зерделеу үдерісінде ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін, поэтикалық шығармаларды талдау барысында да қолдануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




