А. Сүлейменовтің «Бесатар» шығармасындағы еліктеу сөздер
Қаралымдар: 227 / PDF жүктеулері: 252
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-127-137Кілт сөздер:
еліктеу сөздер, Асқар Сүлейменов, Бесатар, имитативтер теориясы, ономатопея.Аңдатпа
Жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген Асқар Сүлейменов – қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қаламгердің шығармалары өзгеше поэтикалық стилімен, айшықты тілімен ерекшеленеді. «Бесатар» атты
шығармасы идеялық жаңалығы, ұлттық танымға деген жаңаша көзқарасы,
поэтикалық тілі, стильдік ерекшелігі тұрғысынан қазақ әдебиетінде өзіндік
орны бар шығарма. «Бесатарда» қолданылған еліктеу сөздердің көптігі сонша
шығарманың поэтикалық тілі мен эмоциялық бояуын қанық қылу барысында
автордың бұл сөздерді мақсатты түрде қолданғанын байқау қиынға түспейді.
Бұл мақалада Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» атты шығармасында қолданылған
еліктеу сөздер «Имитативтер теориясы» тұрғысынан талданып, жаңа түрде
топтастырылады. Қазіргі түркі тілдеріндегі имитатив сөздер мен қазақ тіліндегі
имитатив сөздерді салыстыра отырып зерттеу арқылы шығармадағы түркі
тілдеріне ортақ еліктеу сөздер жеке-жеке көрсетіледі.
Жинақталған еліктеу сөздер жасалу жолына қарай еліктеуіштер және бейнелеуіштер, еліктеу сөз+көмекші етістік қолданылысы, түс атауларынан жасалған еліктеу сөздер түрінде топтастырылды. Еліктеуіштер мен бейнелеуіштер құрамына қарай дара және күрделі болып, ал құрылымдық даму аясына қарай жалаң түрде қолданылғандар, зат есімнің құрамында қолданылғандар, сын
есімнің құрамында қолданылғандар және етістіктің құрамында қолданылғандар
түрінде жинақталып, талданды. Түркі тілдеріне ортақ еліктеу сөздер мен тек
қазақ тілінде кездесетін еліктеу сөздер екі топта көрсетілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




