Өсімдік атауларының этномәдени семантикасы
Қаралымдар: 341 / PDF жүктеулері: 373
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-149-157Кілт сөздер:
өсімдік әлемі, дәрілік өсімдік, этнолингвистика, этномәдени ақпарат, мәдени-семантикалық мағына.Аңдатпа
Мақала өсімдік атауларын мәдени-семантикалық бағытта зерттеуге арналады. Зерттеу барысында белгілі болғандай өсімдік атаулары тілдік құрамның көне қабатын сақтай отырып, халықтың тарихи қалыптасуымен, өткенімен, менталитетімен тығыз байланысты екендігі айқындалды. Сондықтан бұл мақалада өсімдікке байланысты көптеген сөздер мен ұғымдардың құрамындағы көне лексемалар тілдің ұғымдық негізін құрайтын жүйе ретінде жан-жақты зерттелді. Өсімдік атауларының ғылыми онтологиялық мазмұнын тілдік-концептуалдық негізде жан-жақты терең зерттеумен қатар, ұлттық сананың халық тілімен өзара әрекеттестікте дамитынына назар аударылды. Этностың дүниетанымы фитонимдік лексика арқылы айқын көрініс тауып, ұлттық сананың қалыптасуына қалай ықпал ететініне теориялық талдау жасалды. Өсімдік атауларының құрамында мәдени-танымдық ақпараты бар этномәдени бірліктер жинақталып, олардың мәдени семантикалары ашылды; энциклопедиялық сипаттағы репрезентативті лингвомәдени ақпарат берілді. Өсімдік атауларының мазмұнында дәйектелген тілдік және мәдени кодтар ашылып, қазақ мәдениетіне етене еніп, халқымыздың өткен тарихынан хабар беретін фитонимдер зерттелді. Өсімдік атауларының мәдени-семантикалық және концептілік құрылымы айқындалып, мәдени мағыналары жан-жақты талданды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




