Қазақ паремиологиялық кеңістігіндегі «билік» субконцептісінің семантикалық өрісі
Қаралымдар: 387 / PDF жүктеулері: 301
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-8-17Кілт сөздер:
Паремиология, концепт, лингвомәдениеттану, билік жүйесі, мақал-мәтел.Аңдатпа
Мақалада қазақ паремиологиялық кеңістігіндегі «билік» субконцептісінің семантикалық өрісі талданады. Билік – қоғамдық қатынастарды реттеуші. Сондықтан ол халықтық тәжірибе мен құндылықтарды, халықтық ойлау жүйесін, тұрмыс қағидаттарын, өмір сүру формасын қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Сол себепті билік тақырыбы қай кезеңде де өзектілігін жоймайды. Осы тұста «билік» ұғымының қазақ танымындағы сипатын
паремиологиялық жүйе тұрғысынан сипаттау маңызды нәтижелерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Өйткені паремиологиялық кеңістік те белгілі бір
халыққа тән талғам, тәжірибе үлгілерін бойына жинақтайды.
Зерттеу мақсаты – қазақ дәстүрлі қоғамындағы «билікке» қатысты
қалыптасқан ұғым-түсініктердің паремиологиялық кеңістіктегі семантикалық
өрісін зерделеу. «Билік» субконцептісін құрайтын семантикалық бірліктердің
мақал-мәтелдер құрамындағы сипаты және қоғамдық өмірдегі маңызы талданады.
Қазақ халқының басқару жүйесін білдіретін тілдік бірліктердің паремиологиялық
жүйедегі мәні ашылып, «билік» субконцептісінің семантикалық өрісін құрайтын лексемалар айқындалады. Сондай-ақ зерттеуде қазақ халқының ұжымдық санасында билік туралы ұғымдарды қалыптастыратын тарихи-этнографиялық және әлеуметтік-мәдени контекстке де назар аударылады.
Алынған нәтижелер қазақ паремиологиясы аясындағы «билік» субконцептісіне тән мағыналарды тереңірек түсінуге және түсіндіруге, қазақ халқының мәдени ерекшеліктерінің өзіндік сипатын ашуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері осы бағыттағы және гуманитарлық сала мамандары үшін
қосымша материал болып саналады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




