Ж. Аймауытұлының «Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгімесінде фольклорлық интегративтілік
Қаралымдар: 258 / PDF жүктеулері: 245
Кілт сөздер:
фольклор, фольклорлық интегративтілік, фольклортану, этнофольклортану, социофольклортану, алаш кезеңі әдебиеті, Ж.Аймауытұлы әңгімесіАңдатпа
Алаш кезеңі әдебиеті – мазмұны мен идеясы, көркемдік сипаты елдік мұрат, ұлттық мүдде аясында қалыптасқан азаматтық тарихымыздағы бай рухани қазынаның бірі. Аталған әдеби мұраны жинау, жүйелеу, зерттеу үрдісі еліміз тәуелсіздік алған уақытта біршама қалыптасты. Алаш әдебиетін жаңа ғылыми парадигмалар аясында зерттеу, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар ықпалдастығында мазмұнын ашу, пәнаралық байланыс арқылы әдебиеттегі фольклор материалының молдығын тану – бұл мақаланың негізгі мақсатын айқындайды. Жазба мұра интегративті фольклортану аспектісінде зерттеліп, алаш кезеңі әдебиетінде халық эстетикасының айқын көрінетіні байыпталады. Мақалада жазба әдебиеттегі фольклорлық интегративтілік мәселесі қарастырылып, соның ішінде алаш кезеңі әдебиетіндегі сипаты айшықталады. Интегративті фольклортану сынды бүгінгі гуманитарлық ғылымдарда қалыптасқан зерттеу тәсілі бойынша ізденістің теориялық сипаттамасы беріліп, оның нәтижесі алаш кезеңі әдебиетіне қатысты мұраға қолданылады. Қазақ жазба әдебиетінің дамуына фольклорлық материалдың құнды қазына болғаны айшықталады. Алаш әдебиетіндегі фольклорлық дәстүр белгісі көрнекті қаламгер Ж.Аймауытұлының «Жаңабайдың жанындағы трагедия» әңгімесі бойынша талданады. Аталған шығарманың белгілі тарихи кезеңде жазылу себебі айқындалады. Соның ішінде социофольклортану аясында шығарманың мазмұны мен идеясы ашылып, әңгіменің көркемдік шешіміне, идеясына әсер еткен фольклорлық мотивтер, мысалдар, кейіпкерлер көрсетіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




