А. Кемелбаева шығармаларындағы халықтық таным ұлттық код ретінде
Қаралымдар: 269 / PDF жүктеулері: 357
Кілт сөздер:
ұлттық код, халықтық таным, тілдік код, мотив, мағыналық константа, постмодернизмАңдатпа
Мақалада халықтық таным тақырыбы қарастырылған. Қазақ әдебиетінің тарихи кезеңдерін талдай келе, халықтық таным ұлттық идея, ұлттық мінез негізінде анықталады. Өз кезегінде ұлттық идея халықтың тарихи негізде қалыптасуын көрсетіп, халық танымының дін мен діл бірлігінен қалыптасатынын айқындаймыз. Осы негізде көркем шығармадағы халықтық таным ұлттық код ретінде қарастырылды. Ұлттық код халықтың тарихи кезеңдердегі мәдени тәжірибесінің сөз өнерінде көрініс табуы деп анықталды. Халықтық таным ұғымын көркем шығармада анықтау мағыналық константа, діни мотив түсініктерімен байланысты қарастырылды. Тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеушілердің пікірлерін талдай келе халықтық таным негізінде халықтың тұрмыс-тіршілігі мен тарихында, әлеуметтік-мәдени тәжірибесінде жоғары категория саналатын «дін» тақырыбы жан-жақты талданды. Халықтың ұлттық идентификациясы тарихынан, мәдениетінен, сонымен қатар дүниетанымынан көрініс береді. Осы негізде қазақ халқының сенімі, дүниетанымы терең құрылымға ие екенін көреміз. Тарихи кезеңдерде болған оқиғалардың көркем шығармада бейнеленуін қарастыра келіп, белгілі бір мотивке негізделетінін айқындаймыз. Осылайша мақалада діни мотив А. Кемелбаева шығармашылығы негізінде қарастырылды. Мақалада А. Кемелбаеваның «Ғибадат», «Күміс инелер», «Жан иесі» әңгімелері талданған. Әр әңгімелеріндегі басты мағыналық контанста ретінде танылған діни мотив көріністері халықтық таныммен байланысты.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




