Шығыс Қазақстандағы сан есімді топонимдер (Шығыс Қазақстан және Абай облыстары)
Қаралымдар: 239 / PDF жүктеулері: 243
Кілт сөздер:
топоним, сан есім, Шығыс Қазақстан, семантика, ономастикаАңдатпа
Кез келген аймақтағы топонимдердің қалыптасып дамуына географиялық орта, саяси оқиғалар мен ұлт, халықтың дүниетанымы мен көзқарасы әсер етеді. Жалпы жер-су атауларын лингвистикалық тұрғыда зерттегенде оларды географиялық аймаққа бөліп қарастыру өте тиімді. Біз нысан ретінде қарастырып отырған Шығыс Қазақстан облысында сан есім арқылы жасалған топонимдер көптеп кездеседі. Мақаламызда сан есім арқылы жасалған топонимдерді танымдық, этимиологиялық тұрғыдан қарастырамыз. Сонымен қатар түрленген сан есімді топонимдер мен аналитика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сан есім+зат есім арқылы жасалған біріккен географиялық атаулардың топонимжасамдағы қолданылу ерекшеліктері анықталды. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы «үш, бес, алты, төрт, тоғыз» есептік сан есімдері арқылы жасалған топонимдер алынды. Семантикалық жағынан сан есімге жақын сөздерден жасалған топонимдер, яғни сан - мөлшер мәнді «егіз, қос, жарты, жарым, жалғыз, көп» сөздер мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған жер-су атаулары да қарастырылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




