Ұлттық тілдік ұстанымдар бала тәрбиесі негізі ретінде
Қаралымдар: 253 / PDF жүктеулері: 350
Кілт сөздер:
тілдік сана, ұлттық сана, тілдік ұстаным, тілдік мінез-құлық, қазақ әдебиеті, көркем образ, ата-ана сипаты, құндылық, дәстүрлі тәрбиеАңдатпа
Мақалада қазақ әдебиетіндегі көркем образдар негізінде ұлттық тілдік
сананы қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты- көркем
шығармаларда ұстанымдар түрінде көрсетілген тілдік бірліктерді лингвомәдени
тұрғыдан талдау. Мақала авторлары дұрыс қойылған тілдік ұстанымдар тәрбиелік
мақсатта жүйелі қолданылған жағдайда, жас ұрпақтың өзіндік тілдік санасын
салауатты және сауатты қалыптастыруға ықпал етеді деп болжайды. Қазіргі
заманғы бұқаралық ақпарат құралдарындағы толассыз ақпараттар балалар мен
жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз әлеуметтік өзгерістердің өсу тенденциясы,
отбасылық қатынастардың жағымсыз тәжірибесі, экономикалық, саяси, әлеуметтік
мәселелерден туындаған қоғамдағы алаңдаушылық, стресс және негатив деңгейінің
жоғарылауын көрсетті.
Көп жағдайда бұл тенденция балалардың тілдік санасының дұрыс қалыптаспауымен,
мейірім, эмпатия, отбасы, достық, махаббат, патриотизм сияқты шынайы
адами құндылықтар мәнінің бұрмалануымен байланысты. Осы ретте рухани
құндылықтарды беретін тілдік материалдарды бағамдау нәтижесінде өскелең
ұрпақ арасында ұлттық сананы қалыптастыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу
қажеттігі маңызды мәселеге айналып отыр. Қазақ фольклоры шығармаларын, сондайақ қазақстандық классик жазушылардың көркем шығармаларын лингвистикалық және
лингвомәдени талдау негізінде авторлар балалар санасының оң қалыптасуына әсер етуі
мүмкін тілдік формалар, тілдік ұстанымдарды анықтап, жүйелеуді ұсынады, бұл өз
кезегінде ақыл-ой және рухани жағынан сауатты тұлғаның қалыптасуына әкеледі.
Мақалада Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесіндегі тілдік бірліктер қарастырылды,
біздің ойымызша осы повестегі «әке-ана-бала» фреймінде позитивті тілдік сананың,
тілдік мінез-құлықтың өзегі қаланған
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




