«Ақсақ құлан – Жошы хан» аңызы: тарихилығы, көркемдігі және дәстүр сабақтастығы
Қаралымдар: 473 / PDF жүктеулері: 309
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-167-178Кілт сөздер:
Шыңғыс хан, Жошы, ғұрып, фольклор, аңызАңдатпа
Қазақ фольклорының тарихи хронологиялық кезеңдерінің бірі – Шыңғыс хан дәуірі. Шыңғыс хан заманынан нәр алатын фольклорлық мұраның қалың көмбесі ел арасында сақталып жеткен. Соның бірі – қазақ фольклорында өлең-жыр, күй аңызы, топонимикалық әпсаналар мазмұнында кездесетін «Ақсақ құлан–Жошы хан» аңызы.
Аңыздың тарихи негізі Шыңғыс ханның өмірінде орын алған оқиғадан туындаған.
Жошы өмірде әкесінен бұрын жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Оның өлімі
туралы әңгімелер сол заманның өзінде-ақ аңыздалып, Шыңғыс хан тарихы жазылған орта ғасырлық парсы-түркілік нарративтік туындыларға түседі.
Сондай туындылардың қатарына авторы беймәлім «Шаджарат аль-атрак» жазбасына тіркелген аңыздық нұсқаны атауға болады. Онда қайғылы қазаны ханға жеткізуші – Ұлық Жыршы. Ал қазақ арасындағы аңыздық нұсқалар ХІХ ғасырда Ш.Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп, ХХ ғасырдың басында Отыншы Әлжанов сынды белгілі фольклор жинаушылардың жазбаларына тіркелген. Аңыздың орта ғасырдағы түркілік варианты мен кейінгі қазақ арасындағы нұсқаларды
салыстыра зерттеу – бүгінгі фольклортанудың өзекті мәселелердің бірі.
Көне түркілік және қазақ фольклорындағы Жошы ханның өлімі туралы жыр-аңыз
негізінен аңшылық үстінде орын алған оқиғаның мән-жайын нақты баяндауға
құрылмаған, тағдырдың жазғанына мойынұсынуды ғибрат етуге бағытталған.
Мұнда болған оқиғаның жай-жапсарын жеткізуден гөрі, Шыңғыстың қатал
мінезін сынау және өнер иесінің құдіретін асқатату сарындары орын алған.
Бір сөзбен айтқанда, абсолюттік билік иесі ханды қарапайым өнер иесінің
тапқырлықпен тосылдыру – билік тұтқасын ұстаған кісілер халықпен санасуы
тиіс деген саяси танымға арқау болған халықтың аңсары. Мақалада осы аталған
мәселелер талданып, тиісті қорытындылар жасалған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




