Мәтіндегі мифтік мотивтердің қызметі (М. Мағауиннің «Қыпшақ аруы» хикаяты негізінде)
Қаралымдар: 291 / PDF жүктеулері: 417
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-192-202Кілт сөздер:
мотив, мәтін, миф, құрылым, альтер эго, микросюжет, лейтмотивАңдатпа
Көркем шығарма – әдебиеттанушылық тұрғыда ерекше әдіснамалық зерттеуді қажет ететін нысан. Әдеби туындыда танымдық, идеялық, эмоционалдық
сипат тоғыса көрініс табатындықтан, оған кешенді филологиялық талдау қажет.
Көркем мәтіннің ішкі мазмұнында шынайы болмыс пен шығармашылық қиял үндесіп, субъективтілік пен объективтіліктің бұлжымас бірлігі орын алады. Осыдан келіп автордың дүниетанымы, дербес ұстанымы, бағалауыштық тұрғыдағы ойы орнығады. Мотив – көркем шығармадағы маңызды категория. Мотив арқылы көркем туындыдағы жетекші идея, қаламгердің болмысы танылады. Мақалада мотивтің теориялық сипаты туралы тұжырымдардың
ең негізгілері қарастырылып, оның туынды кеңістігіндегі функциясы зерттеледі.
Филолог ғалымдардың мотивке берген анықтамалары сараланып, мотивтің
түрлері, орнығуы, өзге әдебиеттану категорияларымен кіріге қолданылуы
қарастырылады. Соның ішінде мәтін құрылымындағы мифтік мотивтің
ерекшелігі нақты зерттеу өзегіне алынады. Көркем шығармадағы мифтік мотивтің
идеялық, көркемдік-эстетикалық қызметін айқындауда М.Мағауиннің «Қыпшақ
аруы» хикаяты талданады. «Қыпшақ аруы» хикаятындағы микросюжеттің, яғни
мотивтердің бастауында тұрған қыпшақ балбал мүсіндеріне қатысты мотив-
бейне туралы айтылып, автор мен кейіпкер байланысы «альтер эго» – «басқа
мен» ұғымы аясында көрсетіледі. Мәтіндегі мотив-бейненің лейтмотивке айналу
эволюциясына назар аударылып, тұжырым жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




