Бірлән шылауының қазіргі сипаты мен қызметі
Қаралымдар: 208 / PDF жүктеулері: 171
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-62-77Кілт сөздер:
бірлән, түркі тілдері, тарихи грамматика, жалғаулық шылау, шылаудың қызметі, көмектес септік, септік жалғауыАңдатпа
Қазақ тіліндегі «мен» тұлғасының көнетүркілік «бірлән» септеулігінен қалыптасқаны және грамматикалық қызметі мен мағынасы жағынан жалғау мен жалғаулық болып сараланғаны белгілі. Дегенмен түркі халықтарына ортақ «бірлән» септеулігінің бүгінгі нұсқалары түркі тілдері грамматикасында біркелкі мәнде танылмай отырғаны және мәлім. Мұның нақты себептері де бар. Мақалада «бірлән» септеулігінен өрбіген тұлғалардың жүйелі сипаттамасын құрастырып шығуға талпыныс жасалды. Ол үшін отандық және кеңестік түркологтердің этимологиялық еңбектеріндегі және қазақ ұлттық әдеби тіліндегі нақты фактілер талданды. Қазақ тіліндегі көмектес септік жалғауының тұлғасы мен қызметі басқа түркі тілдеріндегі нұсқалармен салыстырылды, осы орайда көмектес септік грамматикалық көрсеткішінің түркілік өзге тілдерде де бар екеніне назар аударылды. Түркілік кей тілде «бірлән» септеулігінің өзгеріске ұшыраған қазіргі нұсқаларының аффикс ретінде қалыптасып болғаны дәлелденді. Бір генезистен қалыптасқан «мен» тұлғалы жалғау мен жалғаулықтың ұқсастығы мен айырмашылығы көрсетілді, қазіргі тіліміздегі грамматикалық мағыналары жүйеленді. Қазіргі тіліміздегі «мен» тұлғасының қай жағдайда жалғау, қай жағдайда жалғаулық болатыны тілдік фактілер аясында және бір пысықталды. Грамматикалық функциялары анағұрлым толығырақ сипатта сараланды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




