Ділдік лексиконның берілу жолдары
Қаралымдар: 276 / PDF жүктеулері: 198
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-42-54Кілт сөздер:
Ділдік лексикон, психолингвистика, сөздік қор, сөйлеу мәдениеті, ой-сана, семантикалық топ, концептАңдатпа
Қазіргі таңда жалпы тіл білімі саласында тіл ұғымымымен қатар, ділдік лексикон мәселесін бірге қарау керектігі негізгі ұстаным болып табылады. Оның
басты себептерінің бірі – тілді тұтынушы халықтың және жеке адамның өткені
мен қазіргі жағдайы ділдік индивидуалдықпен біте қайнасып жатқандығы. Ділдік лексиконның жеке тұлға бойында түзілуі және оның даму ерекшеліктері жайында адамның сөзді санада сақтауы және мәліметті қабылдауының вербальды-семантикалық, когнитивтік және прагматикалық жолдары толықтай қарастырылады. Индивидтің сөйлеу әрекетіне қатысты сөз өндіріп шығаруы, оны екінші адамнан қабылдауы, оны ұғынуы, санада ділдік бірліктердің сақталуы тәрізді сияқты ұғымдарға түсінік беріледі.
Ділдік лексикон мәселесіне дейінгі саты психолингвистика жетістіктерінің
қалыптасу, даму кезеңдеріне шолу жасалынып, қазіргі кезге дейінгі өзектілігі
сипатталады. Жалпы тіл білімінде ділдік лексикон жайлы алғашқы зерттеулер
мен жан-жақты сипатталған тұжырымдарға талдау жүргізу арқылы қазақ тіл біліміндегі орнын қалыптастыруда бірқатар әлемдік ғалымдардың ділдік лексикон бағытындағы зерттеулері басшылыққа алынады. Бұған дейінгі еңбектер мен зерттеулерді басшылыққа алу арқылы қорытындыланған зерттеуімізде ділдік лексиконның жаңа қыры – бастауыш мектептегі балалардың тілінің қалыптасуы жайлы айтылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




