Қажетке орай түсініктемесі шығатын Қазақстанның топонимия атласы (құрастыру бастапқы жұмысы)
Қаралымдар: 457 / PDF жүктеулері: 513
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-35-44Кілт сөздер:
топоним, атлас, гидроним, ойконим, ороним, урбаноним, годоним, гороним, дромоним, макротопоним, микротопоним, космоним, фитотопоним, антропотопонимАңдатпа
Мақала қазіргі Қазақстан аумағында субстрат тектес географиялық атау негізгі түр таралуын көрсететін Қазақстан топонимикалық картасына арналған. Атласта Қазақстан топонимикалық ландшафты туралы түсінік беретін әртүрлі категория мен тілдік топ топонимі болады. Топонимика табиғатынан лингвистикалық танылады, нысан мен дәстүр ерекше белгісін анықтауға көмектесетін тарихи, географиялық, этнографиялық, мәдени, әлеуметтік әрі әдеби компонентті қамтиды, бұл бағытты тіл білімі шеңберінен шығарып, негізінен лингвистикалық әдіс қолдаушы дербес пәнге айналдырады. Гуманитарлық, жер әрі ғалам туралы ғылым кешенімен тығыз байланыстағы әдіс. Ел тарихын зерттегенде жер-су атау ғылымының маңызы аса зор. Атласта гидроним, ойконим, ороним, урбаноним, годоним, гороним, дрооним, макротопоним, космоним, фитотопоним, микротопоним, антропотопоним, әртүрлі типтегі микротопоним және салалары жинақталады. Атласты заман талабын ескере отырып IT мамандары құрастырады. Айта кету керек, бұл атлас белгілі бір бағдар басым бағытына байланысты мерзімді түрде жаңартылып отырады. Атлас ескі әрі жаңа атаудан басқа атау өзгертілу уақыты туралы ақпармен толықтырылады. Атлас электрондық нұсқасы MapInfo Professional 9.0 нұсқасында жасалады. Жұмыс лингвистикалық география, ономастика, археология, этнография мамандарын қызықтырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




