Ағылшын тілін оқытудағы когнитивтік көрнекілік (S. Gorlin «Nuclear English» оқулық негізінде)
Қаралымдар: 280 / PDF жүктеулері: 324
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-197-205Кілт сөздер:
ағылшын тілі, көрсетушілік, графика, ядролық физикаАңдатпа
Бұл мақалада тілдік емес мамандықтарда оқитын студенттеріне ағылшын тілін оқытуда кейбір когнитивтік көрнекілік әдістерін қолданудың практикалық тәжірибесі қарастырылады. С. Горлиннің «Nuclear English» оқулығында берілген көрнекі материалдардың мысалын пайдалана отырып, тапсырмалардың барлық түрлері қарастырылып, олардың артықшылықтары зерттеледі. Оқулықтағы әрбір сабақта атом электр станциялары, атом станцияларының құрылысы, уран өндіру, ядролық реакторларды басқару, ядролық калдықтарды өңдеу жұмыстары, өндіру кезіндегі қақтығыстарға соққы болу тақырыптары ұсынылған. Жоғарыда аталған оқу тақырыптары мәтіндердің мазмұнын түсіну және жұмыс тізбегінің барлық ағынын импровизациялау үшін когнитивтік көрнекілікті қолдануын талап етеді. Көрнекі ақпарат (иллюстрация, график, карикатура, сурет, инфографика, бейнеролик, флипчарт, слайд, презентациялар) зияткерлік мүмкіндіктерді, сыни ойлауды, белсенді қиялды, ақпаратты беруге шығармашылық көзқарасты пайдалануға ынталандырады. Зерттеу когнитивтік көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты жаңа материалды қайта құру емес, оны қарапайым әдіспен ұсыну болып саналады. Танымдық көрнекі элементтерді пайдалану лексикалық материалды нақты меңгеруге ықпалын тигізіп, оқылған тақырыптарды есте сақтау үшін көрнекі қабылдауды ынталандырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




