Дулат Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесінің танымдық және көркемдік мәні


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 207

Авторлар

  • Б.С. Қорғанбеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-132-142

Кілт сөздер:

Дулат Исабеков, соғыс тақырыбы, «бейшара адамдар», монтаждық фраза, әлеуметтік характер, лиризм, деталь

Аңдатпа

Жазушы Дулат Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесі сыншылар мен әдебиеттанушылардың назарына көп алынбады. Оның себептері де жоқ емес. Шығарма көлемі ықшам болғанымен, мұндағы характер деңгейіндегі кейіпкерлердің көптігі, біртұтас сюжеттік желінің жоқтығы, характер сомдаудағы образдық синтагматиканың күрделілігі, повестің жанрлық сипатының көпқабаттылығы сияқты күрмеуі қиын көркемдік қолданыстар әдеби талдауды кешеуілдеткен деуге негіз бар. Повесте бастан-аяқ әрекет ететін персонаждар ғана емес, эпизодтық кейіпкерлер де характерлік сипатқа ие болған. Жазушы олар арқылы соғыс кезіндегі қазақ ауылындағы тіршілік иелерінің заман ауыртпалығын бірге көтеріскенін, соғыс зардабымен ғана емес, адами қасиеттерді сақтау үшін де күрескенін шебер аша алған. Негізгі тақырып осы кездегі балалар өміріне қатысты болғандықтан, мұнда уақытынан ерте есейген кейіпкерлер мінезі шығарма проблематикасын танытуда жетекші орында көрінеді. Бұл тұста образдық параллелизм мен образдық антитезаның көркемдік үлесі өте күшті болған. Балалар тақырыбы аналар бейнесін де талап ететіні бұл повесте айқынырақ танылады. Авторлық баяндау мен мінездеу, монолог пен диалог түрлері, кейіпкер әрекеті идеялық жүк арқалаған детальдарға толы. Шығарманың эмоциялық әсері өте күшті, лирикаға тән медитациялық бастауларға өте бай. Шығарма атауы әрі монтаждық фраза ретінде де көрініп, одан әрі лейтмотивке айналып кетеді. Мақалада жазушы тәжірибесінің шығармадағы ізі көрсетіліп, шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, тартыс сипаты, оның сюжетке қатысы, бейнелеу түрлерінің идеяға қызмет ету деңгейі, авторлық хронотоп пен көркемдік қатынас жайы талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қорғанбеков, Б. . (2023). Дулат Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесінің танымдық және көркемдік мәні. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 145(4), 132–142. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-132-142

Журналдың саны

Бөлім

Статьи