A, The Жоғалған тілдің негізгі лексикасы (Монғолиядағы хотың тілі)
Қаралымдар: 394 / PDF жүктеулері: 251
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-68-80Кілт сөздер:
жоғалған тіл, хотың, түркі тілдері, Сводеш тізімі, негізгі лексика, мағыналық санат.Аңдатпа
Мақала жойылған тілдердің қатарына жататын, әлем тілдерінің тізіміне енбеген хотың тілін зерттеу барысындағы алғашқы кезеңнің нәтижелерін көрсетуге арналған.
Зерттеушілер хотыңдарды тек тарихи-этнологиялық тұрғыдан ғана қарастырған.
Сондықтан бұл еңбектің ерекшелігі – этностың тілін арнайы зерттеу нысаны етіп
алуында.
Монғолия елін мекен ететін хотыңдар (Орыс, монғол тілдерінде «хотон» деп
жазады, ал олардың өзіндік аты – «хотың») этникалық жадын жоғалтпаған: түркі
тектес екендерін біледі. Соңғы санақ бойынша саны 11000-ға жеткен. Солай бола
тұра тілдерін жоғалтып алған, әзірше хотың тілінде сөйлейтін адам табылмай
тұр. Сөйтсе де жекелеген сөздер халха тіліндегі «говор» сияқты қолданылатыны
байқалады.
Қазіргі жалпы тіл білімінде тілдердің тектестігін бағалау үшін «Сводеш тізімімен»
бағдарлау жолға қойылған. Сондықтан хотың тілі лексикасының сводештік тізімін
жасау міндеті атқарылды. Ал хотың тілінің түркі тіліне жататындығын көрнекі
дәлелдеу мақсатымен түркітанушы А.В. Дыбоның түркі базистік лексикасын
этимологиялау үшін қолданған стандартты сводештік тізімі пайдаланылды.
Хотың тілінің лексика-грамматикалық бірліктерін жүйелеп, тіркеу нәтижесінде
оның түркі тілдерінің қатарындағы орнын, қай топқа жататындығын нақты
анықтау мүмкіндігі бар екені байқалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




