Қазақстандағы латын әліпбиіне көшудің мемлекеттік тілді жаңғыртудағы рөлі
Қаралымдар: 374 / PDF жүктеулері: 453
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-66-78Кілт сөздер:
латын графикасы, әліпби, Заң, Ұлттық комиссия, түркітілдес халықтар, кириллица, қоғам, қазақ тіліАңдатпа
Елімізде тәуелсіздік таңы атқалы бері латын графикасына көшу туралы көп ұсыныстар жасалып, талқыланып келді. Латынға көшу туралы Заң қабылданғаннан соң Республикамыздың қарапайым тұрғындарынан бастап, зиялы қауым өкілдеріне дейін өз көзқарастары мен талдауларын жария етті. Тарих беттеріне үңілсек, кез келген елдің әліпбиін өзгертудің оңай емес екендігі белгілі. Бірақ бұл отарлаушы елдерге тиімді болғанымен, жергілікті халықтардың саяси-экономикалық, тарихи-мәдени және ұлттық құндылықтарының кешеуілдеп дамуына әкеледі. Сондықтан Кеңес үкіметінің шешімімен 1929-1940 жылдары қазақ елінде латын қарпі негізіндегі жаңа әліпбиді енгізу туралы ең алғашқы Қаулы қабылданған болатын.
Алаш зиялылары болса, мұндай миссияның кері астары барын жақсы түсініп, қазақ халқының төл әліпбиі болғанын қалады. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «төте жазу» жобасының да ғұмыры ұзақ болмады. Латын әліпбиіне қарсы болғандар айыпқа тартылып, қудалауға ұшырады.
Мақаланың мақсаты – қазақ әліпбиінің латындануына байланысты біздің қоғамымызда орын алып отырған біршама мәселелерді қамтып өту болып табылады.
Мақала тақырыбын зерттеу барысында сипаттау, бақылау және салыстыру сияқты эмпирикалық тәсілдермен қатар еліміздің қадірлі тұлғаларының ой-пікірлеріне сүйенген теориялық әдістер мен шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеулер мен тұжырымдар қолданылды.
Ұсынылып отырған зерттеу мақала қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу үдерісін егжей-тегжейлі зерделеп жүрген отандық және шетелдік магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ лингвист ғалымдар мен ізденушілерге арналады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




