Өңірлік медиадискурстың қалыптасуына әсер ететін факторлар
Қаралымдар: 300 / PDF жүктеулері: 290
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-8-17Кілт сөздер:
өңірлік медиадискурс, технологиялық инновациялар, жаһандану, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени әртүрлілік, саяси орта, медиа сауаттылық.Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстанда өңірлік медиадискурстың қалыптасуына әсер ететін
факторларды кешенді зерттеуге арналған. Зерттеуде аталған мәселеге қатысты теориялық тұжырымдар, өңірлердегі медиадискурстың қазіргі жағдайы талданған. Авторлар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сапалық талдау жасау, сарапшылармен сұхбат жүргізу арқылы өңірлік медианың негізгі тенденцияларын, қиындықтары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Өңірлік медиадискурстың ағымдағы жай-күйі туралы жан-жақты түсінік алу үшін Қазақстанның БАҚ материалдары талданды: «Қазақстан» телеарнасы, «Егемен Қазақстан» газеті,
Tengrinews.kz сайты. Технологиялық инновациялар, жаһандану, саяси және экономикалық орта, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер медиа коммуникациялардың құрылымына,
мазмұны мен бағытына айтарлықтай әсер етеді. Мақала қорытындысында медиа сауаттылықты арттыру және мәдени әртүрлілікті сақтау сияқты өңірлік медиа ортаны нығайтуға арналған бірқатар ұсыныстар берілген. Зерттеу нәтижелері жаһандану және технологиялық прогресс
жағдайында өңірлік медиадискурсты оңтайландыру және дамыту стратегияларын әзірлеуге негіз бола алады. Бұл зерттеу әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және технология саласындағы білімдерді біріктіре отырып, медиадискурсты талдауға көпсалалы көзқарастың маңыздылығына назар аударады. Бұл медиадискурстың күрделі және көп деңгейлі табиғатын
түсінуді байытады. Нәтижелер мәдени әртүрлілікке және өңірлердің әлеуметтік дамуына ықпал ете отырып, медиа саласындағы саясаттар мен тәжірибелерді қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




