Хүсейін Жавид және ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы: рухани ізденістер мен көркемдік ерекшеліктер
Қаралымдар: 183 / PDF жүктеулері: 145
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-151-161Кілт сөздер:
ұлттық поэзия, әдеби байланыстар, романтизм, Батыс-Шығыс, адамгершілік мұраттар, түрікшілдік сарындары.Аңдатпа
ХХ ғасыр басында түркі халықтарының рухани өміріне белсене атсалысқан алдыңғы қатарлы қаламгерлер шоғыры кейінгі ұрпаққа бай әдеби мұра қалдырды. Солардың бірі – «Шығыстың Шекспирі» атанған әзербайжан ақыны, драматургы Хүсейін Жавид. Өкінішке қарай, оның шығармалары қазақ
оқырманына бейтаныс болып келеді. Мұның негізгі себебі – өзара аударма тәжірибесінің жүйелі түрде жолға қойылмағандығы және қазақ-әзербайжан әдеби байланыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеудің осы уақытқа
дейін жеткілікті дәрежеде қолға алынбағандығы. Сондықтан бұл бағытта әдебиеттанушылардың алдында тың
мақсаттар пен міндеттер тұр. Негізінен Низами Гәнжәуи, Абай Құнанбаев, Мырза-Фәтәли Ахундзадә секілді
классиктері шығармаларынан ғана азды-көпті хабардар екі халықтың арғы-бергі әдебиетіндегі құбылыстарды ең алдымен салыстырмалы-тарихи әдіс тұрғысынан таразылау қажет. Бұл мақалада Хүсейн Жавидтің
өлеңдеріндегі романтизм оның өзімен замандас қазақ ақындарының (М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Күлеев) поэзиясындағы ұқсас сарындармен ұштастыра қарастырылып, екі ел әдебиеті дамуының сол
кезеңіндегі идеялық-көркемдік ізденістер көп ретте ортақ мәдени-рухани арнадан бастау алғандығы нақты
мысалдармен дәлелденеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




