Қазақ тіл білімінде лепті сөйлемдердің зерттелу жайы
Қаралымдар: 40 / PDF жүктеулері: 31
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-138-142Кілт сөздер:
синтаксис, сөйлем мен сөз тіркестері, мәтін, мәтін синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, лепті сөйлем, интонация, эмоцияАңдатпа
Бұл мақалада лепті сөйлемдердің зерттелу жайына қатысты ғалымдардың көзқарастары
мен пікірлері берілген. Сондай-ақ, лепті сөйлемдердің қазақ тіл білімінде құрылымдық жағынан арнайы зерттеу объектісі болғанымен, мәтін ішіндегі қызметі мен қатысымдық ерекшеліктерінің арнайы зерттеу нысаны
болмағандығы айтылған. Сөйлем мен сөз тіркестері – синтаксистің ең негізгі бөлшектері болумен бірге, сөйлемдердің өзара мағыналық және құрылымдық жағынан тығыз байланысқан күрделі контекст, абзац, күрделі
синтаксистік тұтастық топтарын құрайды. Қазіргі кезде осындай күрделі топтарды зерттеудің маңызы аса
зор. Сөз тіркестері – синтаксистің ең негізгі бөлшектері болумен бірге, сөйлемдердің өзара мағыналық және
құрылымдық жағынан тығыз байланысқан күрделі немесе тілдегі контекст, абзац, күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін аталатын сөз топтарын құрайды.