Бір буынды түбір етістіктердің «қыпшақтық» корпусындағы вокализм жүйеcінде салыстырмалы сипаттамасы
Қаралымдар: 202 / PDF жүктеулері: 140
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-81-87Кілт сөздер:
Етістік, фонологиялық құрылысы, қыпшақ тобы тілдері, вокализм жүйеcіАңдатпа
Татар, башқұрт, қарайым, қарашай˗балқар, қырым татары, қырымшақ, ноғай, қазақ,
қарақалпақ тілдері тәрізді қыпшақ тобы тілдерін құрайтын қазіргі түркі тілдерінің лексикалық қорындағы, грамматикалық құрылысындағы, морфологиялық құрылымындағы өзіндік ерекшеліктер мен ортақтықтардың қыр˗сырын танытатын лингвистикалық құнды дереккөздердің бірі - осы тілдердің моносиллабтық өзегі. Демек, етістік моносиллабтардың құрылым˗құрылысын салыстыра зерттеу қыпшақ
тілдерінің әрқайсысында ішкі˗сыртқы факторлардың ықпалымен пайда болған тарихи өзгерістердің табиғатын зерделеуге, «атақыпшақ» тектілін жаңғыртуға мол мүмкіндіктер тудырады. Мақалада қазақ тілі
мен қазіргі қыпшақ тобына енетін басқа түркі тілдеріндегі бір буынды түбір етістіктердің салыстырмалы
сипаттамасы жасалып, ортақ бір буынды түбір етістіктердің фонологиялық құрылымының типтік модельдері айқындалалады, сонымен қатар анлаут, инлаут, ауслауттағы дыбыстық сәйкестіктердің сараланып,
нақты тілдік деректермен дәйектеледі
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




