Қазақстандағы оралмандар және олардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі
Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 53
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-64-70Кілт сөздер:
оралман, мемлекеттік тіл, интеграция, мәдени бейімделу, ұлттық ерекшеліктерАңдатпа
Отандастарымыздың тарихи отанына оралуы, яғни репатриация процесі еліміздің
тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы кезінен бастау алды. Қазақтардың этникалық иммиграциясын
дамыту ұлттық көзқарасты дамыту үрдісімен, ұлттық ерекшелік пен мәдениетті сақтап қалуда және
мемлекеттің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Тәуелсіздігімізді алғаннан
кейін Қазақстанға әр мемлекеттен келген оралмандардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы
және мәдени бейімделуі бойынша бағытталған зерттеулер отандық және шетелдік ғалымдардың
назарын аударүуда. Осы мақалада авторлар оралмандар арасында сауалнамалар және жеке сұхбат
жүргізу арқылы оралмандардың этникалық және ұлттық ерекшеліктерін, бейімделу деңгейіне зерттеу жасалып ұсыныстар айтылды.