Әбдіжамил Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы иіс-жады ұстанымдарының көркемдік ерекшелігі
Қаралымдар: 185 / PDF жүктеулері: 183
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-37-45Кілт сөздер:
ольфакторлық, хош иістендіргіш орта, хош иісті заттар бейнесі, дәстүрлі ұлттық хош иістерАңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты – Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы ольфакторлық кеңістікті тұтастықта зерттеу және көркем туынды поэтикасындағы иіс-бейнелердің
негізгі ұстанымдарын анықтау. Арал теңізі жағалауының тұрғындары – кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік және этникалық ерекшелігі дәл осы иіс-бейнелер тобы арқылы көрініс табады.
Атап айтқанда, жеке, этникалық, отбасылық-туыстық, кәсіби, азаматтық тұрмыс-тіршілік. Қазақ
жазушысының көркем прозасы поэтикасын талдау нәтижесінде әртүрлі иіс-бейнелер анықталды,
олардың барлығы тарихи және этникалық негізді, қолданысы жағынан маңызды. Мақалада антропоморфты, гастрономиялық, зат-нәрсе және кеңістік сипатындағы (теңіз, дала, баспана, қала, ауыл)
иіс-бейнелер ерекше атап өтіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




