Филология мамандығы бойынша білім алушыларды компьютерлік технология бағытында оқыту – заман талабы
Қаралымдар: 199 / PDF жүктеулері: 97
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-166-172Кілт сөздер:
филология, қолданбалы лингвистика, лексика, морфология, синтаксис, компьютерлік лингвистика, қолданбалы математика, бағдарламалау, типтер, класстарАңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында филолог-студенттерді қолданбалы лингвистика саласының маманы, қосымша компьютерлік бағдарламашы мамандығын бірге оқыту жолдары мен тәсілдері қарастырылады. Себебі қазіргі тіл білімінде тілдік құбылыстар мен фактілерді
дәстүрлі грамматика тұрғысынан ғана емес, тілдің қолданбалы салалары тұрғысынан зерттеп, зерделеу қалыптасып, берік орнықты деуге болады. Мақалада алдымен, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының лингвистикадағы рөлі түсіндіріліп, одан кейін М.В. Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетінің Қолданбалы лингвистика бөлімінің бағдарламасы негізінде
филолог-мамандарға филологиялық пәндермен қоса «Қолданбалы математика» және «Бағдарламалау негіздері» т.б. пәндерді білім беру бағдарламасының қай мерзімінде оқытылуы керектігі және
бұл пәндердің мазмұнында не оқытылуы керектігі туралы айтылады.
Мұның өзі қазір ғылым мен техниканың жетістіктерін өмірдің барлық салаларында, оның ішінде филологияда, кеңінен қолданылуымен байланысты болып отыр. Бұл, әрине қазіргі қоғамды компьютерлендіру процесімен байланысты екені белгілі. Сондықтан филология мамандығының түлектерін компьютерлік технология бағытында оқыту үшін қандай пәндер және ол пәндер нені меңгеруі
тиіс екені көрсетілдеі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




