«Әйел» концептісінің ұлттық-мәдени сипаты
Қаралымдар: 420 / PDF жүктеулері: 473
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-20-30Кілт сөздер:
дүние бейнесі, концепт, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық фрагмент, когнитивтік модельАңдатпа
Ғылым мен қоғамда жиі зерттелетін тақырыптың бірі ‒ әйел мәселесі. Қазақ халқы танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениеттеріндегі орнын айқындауға мүмкіндік береді. Тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық және паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі «әйел» концептісін тереңірек зерттеуге көмектеседі. Әйелдің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны
сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындап, әйел концептісінің лексико-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру ең маңызды мәселе болып отыр.
Мақалада тілдің фразеологиялық жүйесінің белгілі бір лингомәдени қауымдастыққа тән менталитетті жаңғыртудағы үлес-салмағы сөз болады. Қазақ дүние бейнесінің фразеологиялық фрагментінде бекіген жалпы әйел туралы ұғым-түсініктердің ұлттық сипаты, халықтың әлеуметтік санасы мен менталитеттеріндегі, ұлттық құндылықтары
мен дүниеге деген көзқарастарындағы лингвистикалық-мәдени ерекшеліктері «Әйел» концептісі негізінде сараланады. Зерттеу қазақ тілінде қолданыста жүрген фразеологиялық тіркестердің мағынасын тереңірек ашуға бағытталған. Фразеологиялық тіркестер арқылы әйел затының қазіргі қоғамда алатын орны көрсетіледі
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




